«Бауш Хелс» ЖШС Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатына

Қосымша

COOKIES САЯСАТЫ

«Бауш Хелс» ЖШС (бұдан әрі Оператор) осы сookies саясаты  (бұдан әрі – Саясат) Оператордың Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатына сәйкес әзірленді және Оператордың өзінің шаруашылық қызметінің барысында Оператор іске асыра алатын cookies файлдарын өңдеуге қатысты саясатын анықтайды.

 

  1. Сookies файлдары деген не?

Cookies сіз веб-сайтқа кіргенде және/немесе мобильді қолданбаны пайдаланғанда сіздің компьютеріңізде (немесе смартфон не планшет секілді басқа да Интернет-үйлесімді құрылғыларда) сақталуы мүмкін файлдар немесе ақпараттың үзінділері болып табылады. Файлдың бұл түрінде әдетте ол алынған веб-сайттың/мобильді қолданбаның (бұдан әрі – «сайт») аты, файлдың «тіршілік уақыты» (мәселен, оның құрылғыда қаншалықты ұзақ  қалатыны) және әдетте кездейсоқ туындаған бірегей нөмір болып табылатын мән бар болады. 

Сіздің құрылғыңызды сөзсіз сәйкестендіру үшін Оператор кейде cookie файлдарымен және басқа да құралдармен бірге  жұмыс істейтін басқа да технологияларды, соның ішінде веб-шамшырақтар мен JavaScript пайдалана алады. Бұл технологиялар Оператордың сайттарының жұмыс істеуін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Оператор мұндай технологияны пайдаланушының электрондық хатты ашқан не ашпағанын, электрондық хатта берілген сілтемені басқан не баспағанын анықтау үшін де пайдалана алады.

Оператордың сайтына өткен кезде сайтты пайдаланушы басқа сайттардан немесе веб-серверлерден «сыртқы» cookie деп аталатын cookie файлдарын кездейсоқ алуы мүмкін. Бұл Оператордың сіз кірген сайтында бейнелер, карталар, дыбыс файлдары,басқа серверлерде тұрған әртүрлі домендердегі жекелеген веб-парақтарға сілтемелер секілді элементтердің бар болуына байланысты орын алады.

Сookies файлдары сіздің құрылғыңызға зиян келтірмейді және Операторға Оператордың сайттарының беттерінде сізге сайт бойынша одан да тез әрі үздік бағдар беруге мүмкіндік береді (олардың мақсаты бұл серверге қол жеткізу кезінде пайдаланушыларды сәйкестендіруден конфигурация туралы ақпаратты сақтауға дейін түрленуі мүмкін).  

 

  1. Сookies файлдарын жіктеу

Сookies файлдары екі негізгі топқа бөліне алады: «техникалық» cookies және «бейінді» cookies. 

1. Техникалық cookies-файлдар:

тек сайтты техникалық тұрғыдан ең жақсы түрде іске қосу, электрондық байланыс желілері бойынша хабарларды жіберуді іске асыру үшін немесе бұл пайдаланушы сұраған қызметтерді көрсету үшін қатаң қажет болған шамада ғана пайдаланылады. Техникалық  cookie-файлдар тұрақты немесе сеанстық cookies болып топтала алады, олар  пайдаланушыларға қозғалуға және сайтты пайдалануға (мәселен, белгілі бір бөлімдерге қол жеткізу үшін сәйкестендірілуге) мүмкіндік береді;  техникалық  cookies-ке теңестіруге болатын аналитикалық cookie-файлдар, өйткені оларды тікелей сайттың әкімгері сайтқа кірушілер мен кіру саны туралы жиынтық ақпаратты жинау үшін пайдаланады; қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін пайдаланушыларға, мысалы, тіл немесе өнімдер секілді  алдын ала орнатылған баптаулардың аясында қозғалуға мүмкіндік беретін функционалдық cookie-файлдар,

2. Бейінді және маркетингтік cookies-файлдар:

сайтқа өткеннен кейін коммериялық ұсыныстарды жөнелту үшін пайдаланылады. Бейінді cookies-файлдар пайдаланушылардың қалауларына сәйкес бағдарлау кезінде хабарлар мен құлақтандырулар жөнелту үшін пайдаланушылардың профилдерін құру үшін пайдаланалады.   

 

  1. Сookies файлдарын пайдалану

Оператор cookies файлдарын сайтты пайдалану мақсатымен қолдана алады, соның ішінде:

- статистика жүргізу және Оператордың сайтына жасырын негізде кірушілердің жалпы санын қадағалау үшін;

-сайтты жақсарту және пайдаланушыға Оператордың сайтының сервистері мен функцияларын жеке түрде баптау мүмкіндігін беру үшін;

- жаңа және ескі пайдаланушыларды тану үшін;

- егер пайдаланушы Оператордың сайтында тіркелген болса, құпиясөзді сақтау үшін;

-пайдаланушыларға нысаналы жарнама ұсыну үшін;

- әртүрлі сайттарға кірген немесе өзге платформаларды пайдаланған кезде сіздің браузерлердегі іс-әрекеттеріңізді және жұмысыңызды белсенді түрде бақылау үшін;

- сайтты пайдаланушылардың қызығушылықтарын одан да жақсы түсіну үшін;

- Оператордың Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясаты қарастырған өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін.

Қадағалау технологиялары не тұрақты (яғни олар сіздің компьютеріңізде немесе құрылғыңызда сіз оларды жойғанға дейін қалады), не уақытша (яғни олар браузер жабылғанға дейін ғана әрекет етеді) болуы мүмкін.

 

  1. Веб-аналитика сервистерін пайдалану

Оператор аналитикалық қызметтерді пайдаланбайды.

 

  1. Қорытынды ережелер

Оператордың сайтының сервистерін одан әрі пайдалану дербес деректердің субъектісі болып табылатын сайтты пайдаланушының оның cookies файлдарын осы Саясат анықтаған шарттарға сәйкес өңдеуге келісімін білдіреді.

Сookies файлдарын өңдеуден бас тартқан жағдайда, дербес деректердің субъектісі сайтты пайдалануды тоқтату немесе браузердің баптауларында cookies файлдарын өшіру қажет екені туралы хабардар етілді.

Сookies файлдарын қалай өшіруге болатыны туралы ақпаратты алу үшін келесі сілтемелер бойынша өтіңіз (сіздің веб-браузеріңізге байланысты):

-Chrome:(https://support.google.com/accounts/answer/61416?hl=en)
-Firefox:(https://support.mozilla.org/en-US/kb/enable-and-disable-cookies-website-preferences)
-IE:(https://support.microsoft.com/ru-ru/help/17442/windows-internet-explorer-delete-manage-cookies)
-Opera:(https://www.opera.com/help/tutorials/security/privacy/)
-Safari:(https://support.apple.com/kb/ph21411?locale=ru_RU)
-Android:(https://support.google.com/accounts/answer/61416?co=GENIE.Platform=Android&hl=en)