Корпоративтік қағидаттар

Бүкіл әлем бойынша Bausch+Lomb компаниясы өз қызметкерлеріне, Директорлар кеңесінің мүшелеріне және үшінші тараптарға іскерлік этика мен адалдықтың ең жоғары стандарттарын қолдау туралы, Bausch+Lomb өзінің коммерциялық қызметін жүргізетін елдердің қолданыстағы барлық заңдары мен нормативтік құжаттарын сақтау туралы талаптар қояды. Біздің ішкі бақылау жүйеміз компания басшылығы мен оның барлық қызметкерлерінің корпоративтік саясаттарды, заңдарды және қағидаларды сақтауын қамтамасыз етеді. Bausch+Lomb компаниясы барлық құқықтық нормаларды, нормативтік құжаттар мен қолданыстағы салалық стандарттарды қатаң ұстанады. Біз өндірістік, маркетингтік, жарнамалық, білім беру және зерттеу қызметтерінде іскерлік этиканың ең жоғары стандарттарына бет бұрдық. Bausch+Lomb компаниясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және ол қолданылатын барлық елдерде парақорлықпен күресуге бағытталған заңнаманы сақтауға ниетті. Bausch+Lomb әлемнің кез-келген еліндегі мемлекеттік лауазымды тұлғаларға, денсаулық сақтау мамандарына және басқа адамдарға пара беруге және олардың көңілін табу немесе ынталандыру үшін басқа да төлемдер жасауға тыйым салады. Bausch+Lomb фармацевтикалық компания ретінде денсаулық сақтау ұйымдары мен жұмыскерлері, тапсырыс берушілер мен пациенттер, сондай-ақ мемлекеттік реттеуші органдар мен серіктестер алдында жауапкершілігі бар екенін түсінеді. Bausch+Lomb Компания қызметінің барлық аспектілерін қамтитын ерекше Мінез-құлық кодексін әзірледі. Құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бұрын қабылданған барлық шаралардан басқа, Bausch+Lomb компаниясы Парақорлықпен күрес саласындағы кеңейтілген жаһандық саясатты қабылдады, әртүрлі нарықта денсаулық сақтау қызметкерлерімен өзара әрекеттесуге ерекше көңіл бөледі. Кодекс пен Саясаттар Компания жұмыскерлері мен директорларына ғана емес, сонымен қатар агенттерге, контрагенттерге, кеңесшілерге, делдалдарға, дистрибьюторларға, Bausch+Lomb серіктестеріне де қолданылады. Сонымен қатар бұл стандарттар әлемнің кез- келген елінде Bausch+Lomb атынан немесе оның тапсыруымен әрекет ететін жеке тұлғалар мен ұйымдардың жұмысында қолданылады.

Мінез-құлық кодексі Жеткізушінің мінез-құлық кодексі Парақорлықпен күрес жөніндегі жаһандық саясат